Доцент М.Ж. Омарбекованың ашық сабағы

2025 жылғы 5 ақпанда Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының доценті, з.ғ.к. М.Ж. Омарбекованың «Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу құжаттарын жасау стилі, контексті және дағдылары» пәні бойынша «Сот үкімі: ұғымы, мәні, құрылымы, оған қойылатын талаптар» тақырыбына арналған ашық сабағы өтті.
Сабақ барысында үкім шығару ерекшеліктері қарастырылып, оның құрылымы егжей-тегжейлі талқыланды және сот үкімін жасау схемасы талданды. Сабақ жоғары деңгейде өтті, магистранттар қызығушылық танытып, мазмұнды пікірталасқа белсенді қатысты.
М.Ж. Омарбекова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы бола тұрып, өзінің бай тәжірибесімен, білімімен бөлісті және практикасынан алынған мысалдар келтірді. Сот төрелігі академиясы міндетті түрде судьяларды пәндерді жүргізуге шақыруға тырысады, өйткені оқу процесі «судьялар судьяларды оқытады» қағидатына негізделген.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024