Доцент В.А. Жексембаеваның ашық сабағы

2025 жылғы 6 ақпанда Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының доценті Жексембаева Венера Абыкановна «Сот қызметіндегі риторика мен коммуникация» пәнінің аясында «Сот коммуникациясы: кедергілерді еңсеру» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақ екі бөлімнен тұрды: магистранттардың «Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы» іскерлік ойынын өткізуі; оқытушының коммуникативтік кедергілерді еңсеру тұрғысынан өткізілген баспасөз конференциясын талдауы.
Сабақты ойын баспасөз конференциясы түрінде өткізу магистранттарға БАҚ өкілдерімен өзара әрекеттесудің практикалық дағдыларын игеруге мүмкіндік берді. Олар мақсатты аудиторияға қол жетімді тілде құқықтық ұғымдар мен процестерді түсіндіру, өз ойларын дұрыс жеткізу, сындарлы пікірталас жүргізу, журналистердің арандатушылық сұрақтарына және олардың наразылық мінез-құлқына барабар жауап беру қабілеттерін көрсетті.
Сабақ соңында лектор магистранттар ұйымдастырған баспасөз конференциясына талдау жасады: олардың гендерлік және тілдік кедергілерді сәтті еңсеруін оң бағалады, мінез-құлықтық және эмоционалдық кедергілерді тиімді еңсеру жөніндегі ұсыныстар мен кеңестер берді.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024