Открытое занятие доцента Р.М. Ертаевой

2024 жылғы 24 қыркүйекте Азаматтық-құқықтық пәндер ғылыми-білім
беру орталығының доценті Роза Мырзакуловна Ертаеваның «Азаматтық
процестік заңнаманың нормаларын қолдану» пәні бойынша «Бірінші
сатыдағы соттың актілері» тақырыбында ашық сабағы өткізілді.
Ашық сабақ барысында оқытушы пәнаралық тәсілді қолдана отырып,
тақырып шеңберінде теориялық және практикалық аспектілерді ашты.
Сондай-ақ, Р.М. Ертаева магистранттардың белсенді қатысуымен сот
актілерінде жіберілетін қателіктерді және кейстерді талдады. Проблемалық
сұрақтарды қарастыру кезінде сот практикасынан мысалдар келтірілді,
оларды талдау болашақ судьялардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға
көмектеседі.
Роза Мырзакуловна отставкадағы судья, сот жүйесінде жиырма жылдан
астам тәжірибесі бар. Әртүрлі жылдары аудандық, облыстық және қалалық
соттардың судьясы лауазымдарын атқарған.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024