Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара

2025 жылғы 6 мамырда Сот төрелігі академиясында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл даталар әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие, Отанын өз өмірлерінің құнымен қорғаған ата-бабаларымыздың батылдығы мен патриотизмін еске түсіреді.

7 мамырда атап өтілетін Отан қорғаушылар күні күш, адалдық және еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға дайындықтың символы. Академия ұжымының әйелдер қауымы ер адамдарды мерекемен құттықтап, жауапкершілік пен кез келген жағдайда тірек болуға дайын болатыны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, салтанатты іс-шара барысында Сот төрелігі академиясы ректорының м.а. қатысушыларды Жеңіс күнімен құттықтап, тарихи жадыны сақтаудың және батырлық дәстүрлерді жас ұрпаққа берудің маңыздылығын атап өтті.

9 мамыр ‒ Ұлы Отан соғысында жеңгендерді еске алу және оларға алғыс айту күні. Қазақстан өзінің миллионнан астам ұлдары мен қыздарын майданға жіберіп, жеңіске елеулі үлес қосты. Халықтың жауынгерлік  ерлігі мен еңбегі ұлттық тарихта мәңгі қалады.

Осы мағыналы даталарды атап өту ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының рухын нығайтады, Отанға деген сүйіспеншілік пен оның тарихына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді.

 

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024