Қабылдау телефон нөмірі
Сот төрелігі академиясы Академияға түсу тәртібі, магистранттарды қабылдау ережелері, оқу процесін құру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тыңдаушылардың арнайы аудиторияларымен онлайн және офлайн кездесулер өткізіліп жатыр. 15 мамырда сот төрелігі Академиясының алаңында сот органдарының қызметкерлерімен, сот отырыстарының хатшыларымен және сот мамандарымен тікелей эфирде кездесу өтті. Кездесуге Қазақстанның барлық 17 облысының өкілдері қатысты. Тыңдаушылардың сұрақтарына Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Б. Р. Сембекова және Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Е. О. Егембердиев жауап берді. Кездесу барысында сот төрелігі академиясына түсушілерге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі баяндалды. Академияның қабылдау комиссиясы өз жұмысын 2025 жылдың 1 маусымынан бастайды.