Еуразиялық экономикалық одақ соты төрағасының орынбасары А.Б. Кишкембаевтың қонақ лекциясы

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Еуразиялық экономикалық одақ соты төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор – Аскар Булатович Кишкембаевтың қонақ лекциясы өтті.

Профессор А.Б. Кишкембаевтың лекциясы Қазақстанның Еуразиялық интеграцияға қатысуының өзекті аспектілеріне арналды. Лектор өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) құрылуы, оның даму кезеңдері туралы баяндап, сондай-ақ ЕАЭО қызметінің практикалық нәтижелеріне қатысты өз бағасымен бөлісті.

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарына және қатысушы елдердің экономикаларының тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі шараларға ерекше назар аударылды.

Профессор А.Б. Кишкембаев одан әрі ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын атап өтті. Олардың ішінде: Еуразиялық көлік дәліздерін дамыту, сыртқы экономикалық қызметті жүргізу және жаңа бірлескен жоғары технологиялық өндірістерді ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, ЕАЭО-ның халықаралық қоғамдастықтағы рөлін нығайту.

Аталған іс-шараға Академия магистранттары қатысып, лекцияға жоғары қызығушылық танытып, талқылауда белсенділік көрсетті.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024