







Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Астана халықаралық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Исидор Шамилович Борчашвилидің қонақ дәрісі өтті. Қонақ дәрісі іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын жағдайларға арналды.
Дәріс барысында профессор Борчашвили И. Ш.іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын жағдайлар институтының теориялық негіздеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Ол қандай құқықтық негіздер әрекетті қылмыстар қатарынан шығарылған деп саралауға мүмкіндік беретінін түсіндірді, сондай-ақ осы нормаларды іс жүзінде қолдану тәртібін түсіндірді.
Профессор сонымен қатар конституциялық реформа жөніндегі комиссиядағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, жаңа конституция жобасын дайындау тәсілдері мен талқыланатын құқықтық новеллалар туралы айтты.
Магистранттар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Бұл мазмұнды әрі кәсіби пікір алмасуға жол ашты.