2025 жылғы 6-30 қазан аралығында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Әкімшілік-деликтік құқық және процесс, Әкімшілік рәсімдік-процестік құқық нормаларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері» (Қазақстанның сот жүйесі үшін әлеуетті кадрларды даярлаудың қарқынды курсы) тақырыбында референдиаттың онлайн-курсын өткізу жоспарлануда.
Курс «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін адамдарға арналған.
Курстың ұзақтығы – 18 сағат (сабақтар аптасына 2-3 рет, 16:30-дан 18:00-ге дейін өтеді).
Өткізу форматы – онлайн.
Өтініш беру мерзімі – 2025 жылдың 3 қазанына дейін.
Курс бағасы – 56 124 теңге.
Оқу қорытындысы бойынша сертификат беріледі.
Қатысу үшін өтініш пен сауалнама жіберу қажет.
Толығырақ мына телефондар бойынша: 71-08-49, +7-707-958-33-45 (жұмыс уақытында).
2025 жылғы 24-26 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Заңнаманың өзекті мәселелері» (салықтық, еңбек, азаматтық, азаматтық-процестік, мемлекеттік сатып алу туралы) тақырыбында біліктілікті арттырудың онлайн-курстарын өткізу жоспарлануда.
Курстың ұзақтығы-20 сағат (3 күн). Сабақтар жұмыс күндері сағат 9:30-дан 18:00-ге дейін өтеді.
Бір тыңдаушы үшін курстарда оқу құны-62 360 теңге.
Қатысу үшін курсқа қатысушының өтініш, сауалнаманы және жеке куәлігінің көшірмесін тапсыру қажет.
Өтінімдер 2025 жылдың 22 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара. Тел.: +7 (7172) 71-08-49, 87079583345 жұмыс уақытында (9.00-ден 18.30-ға дейін).
Электронды пошта: sta-zanger@apvs.kz
2025 жылғы 04-11 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Сот төрелігі академиясының магистратурасына түсу емтиханының екінші және үшінші кезеңдерін тапсыруға дайындықтың онлайн-курстарын өткізу жоспарлануда (кейстерді шешу технологиясы және эссе жазу технологиясы).
Курстың ұзақтығы — 10 сағат (5 күн). Сабақтар жұмыс күндері сағат 19:00-дан 20:40-ға дейін өтеді.
Оқу форматы – онлайн
Өтініш беру мерзімі — 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін.
Бір тыңдаушы үшін курстардағы оқу құны – 21 770 теңге.
Қатысу үшін өтініш пен курсқа қатысушының сауалнамасын толтырып, жеке куәліктің көшірмесін жіберу керек.
Байланыс:
Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара
жұмыс тел.: +7 (7172) 71-08-49
ұялы тел.: +7 707 958 3345 (жұмыс уақытында)
e-mail: akademiya.kursy@bk.ru