Халықаралық заңгерлер конгресі

2025 жылға 22-23 мамырда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстанның Түркі сот-құқықтық даярлау желісіндегі (TJTN) төрағалығына орайластырып ұйымдастырған «Қазіргі әлемдегі заң, құқық және әділдік» тақырыбындағы Халықаралық заңгерлер конгресі өтті.

Аталған ғылыми-практикалық іс-шараға Сот төрелігі академиясынан  ректор м.а. К.К. Мусин, академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының директоры М.Н. Абилова, қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры А.А. Биебаева қатысты.

Конгресс қатысушылары жаһандану дәуіріндегі ұлттық құқықтық жүйелерді үйлестіру; қылмыстық әділет органдарының халықаралық ынтымақтастығы; Түркі Мемлекеттері Ұйымы (OTS) елдеріндегі трансұлттық қатерлерге қарсы іс-қимыл; жаһандық трансформация жағдайында құқықтық білім беру және заңгерлерді кәсіби даярлау мәселелерін талқылады.

«Құқықтық білім берудегі оқытудың практикалық бағыты, оның кәсіби дағдыларды игерудегі маңызы» сессиясы аясында профессор А.А. Биебаева «Cудьялық кадрларды даярлаудағы case study әдісі: Сот төрелігі академиясында кешенді кейстерді әзірлеу және қолдану тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде болашақ судьяларды даярлауда тәжірибеге бағдарланған тәсілдің маңыздылығын атап өтті, кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді құралы ретінде case study әдісіне ерекше назар аударды, сондай-ақ сот ісін жүргізудің төрт нысаны бойынша кешенді кейстерді әзірлеу және қолдану әдістемесімен бөлісті.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024