«Кассациялық соттарды енгізудің институционалдық және процестік аспектілері: сын-қатерлер және оларды еңсеру жолдары» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

2025 жылғы 01 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің бастауымен Сот төрелігі академиясы елімізде кассациялық соттардың қызметі басталуына арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов пен Академия ректорының м.а. Қанат Қалқаманұлы Мусин құттықтау сөздерін сөйледі.

Іс-шара Жоғары Сот Кеңесі мүшелерінің, Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың, Бас прокуратураның, адвокаттық қоғамдастық өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан, Германия және Ресей ғалымдары мен практиктерінің қатысуымен өткізілді.

Дөңгелек үстел кассациялық соттарды енгізу кезінде ұлттық сот жүйелері тап болатын негізгі сын-қатерлерді талдауға, халықаралық тәжірибе алмасуға және кассациялық деңгейде сот төрелігін іске асырудың тиімді тетіктерін іздеуге бағытталған. Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында Қазақстандағы кассациялық соттардың құқықтық табиғаты мен перспективалары; кассациялық өндірістің ерекшеліктері; заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі кассацияның рөлі; кассациялық сот ісін жүргізудің халықаралық салыстырмалы-құқықтық тәжірибесі сияқты тақырыптар талқыланды.

Спикерлердің баяндамалары қызу пікірталаспен жалғасып, оның барысында сот жүйесін жетілдіру және кассациялық тетіктің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Іс-шара соңында талқылау қорытындылары жасалып, одан әрі ғылыми және практикалық өзара іс-қимылдың перспективалары белгіленді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024