
«Казахстанская правда» газетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың «Мемлекеттілік пен құқықтық дамудың негізі» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
Мақалада Дмитрий Михайлович Малахов Конституциялық заңның қабылдануы ел тарихындағы шешуші кезең болғанын атап өтті. Аталған заң заманауи мемлекеттіліктің негізін қалап, демократия, әділеттілік және заң үстемдігі қағидаттарын бекітті, сондай-ақ тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға жол ашты.
Мақаламен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://kazpravda.kz/n/fundament-gosudarstvennosti-i-pravovogo-razvitiya/