Л.С. Жақаеваның Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысында сөз сөйлеуі

2025 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотында Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.К. Шариповтың басшылығымен Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысы өтті, оған Жоғарғы Соттың судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңестің барлық секцияларының мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Талқылау тақырыбы «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты дайындалған «Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасы болды.

Өз сөзінде Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры Лейла Сұлтанқызы Жақаева осы нормативтік қаулының өзектілігін атап өтіп, тәртіптік жауапкершілікке тартуға бастамашылық жасау, сондай-ақ Сот жюриіне ұсынылатын материалдардың мазмұнына қатысты бөлігіндегі судьяларды әкімшілік жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін түсіндіретін кейбір нормаларды нақтылау қажеттілігіне назар аударды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024