Қабылдау телефон нөмірі
Сот төрелігі академиясы 2025 жылғы 12 сәуірде өткен Н.А. Шайкеновты еске алуға арналған магистранттар мен докторанттардың ІХ ғылыми-практикалық конференциясының баяндамалар жинағын жариялады.
Жинаққа іргелі теориялық мәселелерден бастап сот тәжірибесін талдауға дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтитын магистранттардың, аспиранттар мен докторанттардың баяндамалары енгізілді. Жинақ материалдары өзекті құқықтық проблемаларды жан-жақты ғылыми талдаудың нәтижелерін, сондай-ақ оларды ұлттық заңнама мен халықаралық-құқықтық реттеу шеңберінде шешудің ықтимал тәсілдерін негіздеуді білдіреді.
Басылым сот төрелігін жүзеге асыру мәселелеріне қызығушылық танытқан адамдарға арналады.
Жинаққа енгізілген материалдармен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://sta.edu.kz/wp-content/uploads/2025/05/sbornik-materialov-ix-konferenczii-15.pdf