Магистранттар мен докторанттардың ІХ жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы

2025 жылғы 12 сәуірінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы Н.А. Шайкеновты еске алуға арналған «Заңнама және сот төрелігі: заң мен сот практикасының ара қатынасы» тақырыбында магистранттар мен докторанттардың ІХ жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Ғылыми конференция жас ғалымдардың зерттеу әлеуетін дамыту, сондай-ақ олар орындайтын ғылыми жобалардың нәтижелерін апробациялау мақсатында жыл сайын өткізіледі. Конференция жұмысына Қазақстан мен шет елдердің магистранттары мен докторанттары қатысады.
Конференция жұмысы келесі секциялар шеңберінде жүргізіледі:

1-секция. Заңнама және сот практикасы: мемлекеттік-құқықтық аспект;

2-секция. Азаматтық құқық және процесс: заңнама мен сот практикасының ара қатынасы;

3-секция. Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру: теория, заңнама және практика;

4-секция. Халықаралық құқық шеңберінде сот төрелігін жүзеге асыру және сот жүйелерін салыстырмалы талдау.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 747 777 2044 нөміріне және

sta609@apvs.kz эл.поштасына хабарласуға болады – Нұртан Азамат Ерланұлы.
 
Сіздерді қатысушылар қатарында көруге қуаныштымыз!
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024