МАГИСТРАТУРАҒА ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
докторантурасына:
бейінді докторантураға — бейінді магистратураға теңестірілген құқық немесе жоғары арнаулы заң білімі саласында «магистр» дәрежесінің болуы;
ғылыми-педагогикалық докторантураға — ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша құқық саласында «магистр» дәрежесінің болуы немесе бейіндік және ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламалары арасындағы айырмашылықты құрайтын оқу пәндерін қосымша меңгерген жағдайда бейіндік бағыт бойынша құқық саласында «магистр» дәрежесінің болуы.
құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
магистратурасына:
құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнге (қоса алғанда) ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – жиырма сегіз жасқа толуы, бейінді бағыт бойынша – жиырма тоғыз жасқа толуы;
жоғары заң білімінің болуы;
құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.