Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры Л.С. Жакаева «Құрмет» орденімен марапаттады

Ақордада Конституцияның қабылдануына арналған салтанатты іс-шара өтті.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелевич Тоқаев Конституцияны бекітіп, «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Конституциялық комиссияның мүшелері және Жалпыұлттық коалицияның өкілдері қатысты.

Жоғары Сот Кеңесі атынан Кеңес Төрағасы Дмитрий Михайлович  Малахов және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры Лейла Султановна Жақаева қатысты.

Іс-шара аясында Президент елдің дамуына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті. Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры Лейла Султановна Жакаева мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» ордені табысталды.

Аталған марапат профессордың заң ғылымын дамытуға қосқан үлесін, білікті кадрларды даярлаудағы еңбегін, сондай-ақ Сот төрелігі академиясы мен Жоғары Сот Кеңесінің кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудағы маңызды рөлін айқындайды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024