Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 12 сәуірде «Заңнама және сот төрелігі: заң мен сот практикасының ара қатынасы» тақырыбында магистранттар мен докторанттардың ІХ ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция көрнекті ғалым, реформатор және қоғам қайраткері – Нағашыбай Аманғалиұлы Шайкеновты еске алуға арналды. Іс-шараны Шәйкеновтың шәкірттері қауымдастығының қатысуымен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ұйымдастырды. Академия магистранттары – болашақ судьяларға жолдаған құттықтау сөздерімен Нағашыбай Аманғалиұлы Шайкеновтың жұбайы – Лидия Алексеевна және з.ғ.к., сот төрелігі Академиясының құрметті профессоры, «Нархоз университеті» КЕАҚ Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының Астанадағы орталығының басшысы, Н.А. Шайкеновтің әріптесі және серіктесі – Зәуреш Хамитовна Баймолдина; сондай-ақ, з.ғ.к., Жамбыл облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, Нағашбай Амангалиұлының шәкірттерінің бірі Думан Болатұлы Мәуленов және шәкірттер қауымдастығының өкілі – Болат Меншік сөз сөйледі. Конференция аясында магистранттар, аспиранттар мен докторанттардың баяндамалары тыңдалды, сондай-ақ мазмұнды және қызықты пікірталас өтті. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырған Яковлев атындағы Уральск мемлекеттік заң университетінің аспиранты Батраханов Арман Абылайханұлының «Н.А. Шайкеновтың еңбектеріндегі мүдде категориясы мәселесі туралы. Трансшекаралық даулардағы юрисдикцияны таңдау мысалында» тақырыбындағы баяндамасы болды. Секциялық талқылау шеңберінде: Мемлекеттік академиялық гуманитарлық ғылымдар университетінің магистранты А.В. Корзун; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистранты М.А. Сычева; Мемлекеттік академиялық гуманитарлық ғылымдар университетінің аспиранты М.А. Морозованың баяндамалары ерекше атап өтілді. Пленарлық бөлімде және секциялар жұмысында сот төрелігі академиясының барлық магистранттары баяндама жасады. Конференция қорытындысы бойынша Сот төрелігі академиясы Л.А. Шайкеноваға, З.Х. Баймолдинаға, Д.Б. Мәуленовке, Б. Меншікке, сондай-ақ конференцияның пленарлық бөлімінде сөз сөйлеген жас зерттеушілерге алғыс хаттар табыс етті. Л.А. Шайкенова Сот төрелігі академиясының кітапханасына Нағашыбай Аманғалиұлы туралы кітаптарды сыйға тартты, ал А.А. Батраханов Яковлев атындағы Уральск мемлекеттік заң университетінің ұжымы беріп жіберген кітаптарды табыстады. Мұндай іс-шаралар ғылымның дамуына ықпал етіп қана қоймай, жас ғалымдардың өзара әрекеттесуіне және жаңа идеялар іздеуге мүмкіндік береді. Конференция қорытындысы бойынша электронды баяндамалар жинағы шығарылады.