


Ташкентте Өзбекстан Республикасы Сот төрелігі академиясының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға халықаралық сарапшылар, сот органдарының басшылары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ бірқатар елдердің арнайы білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов бастаған делегациясы қатысты.
Шарада Дмитрий Михайлович Малахов құттықтау сөз сөйледі. Ол Өзбекстанда Сот төрелігі академиясын құрудың кәсіби сот кадрларын даярлаудағы негізгі буын ретінде маңыздылығын атап өтіп, екі елдің білім беру орталықтары арасындағы міндеттердің ортақтығын атап өтті.
Іс-шарада маңызды орын алған оқиға, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Өзбекстан Республикасының Сот төрелігі академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының м.а. Қанат Қалқаманұлы Мусин меморандумға қол қою академиялардың ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін негіз қалайтынын атап өтті. Бұл судьялардың біліктілігін арттыруға, оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.