Онлайн жекеленген біліктілікті арттыру курсы өткізілді

Ағымдағы жылдың 09 сәуірінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында қылмыстық істерді қарауға маманданған еліміздің барлық өңірлерінің судьяларына онлайн жекеленген біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың Өкімімен бекітілген Сот төрелігі академиясының дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарауға маманданған судьялардың біліктілік деңгейін арттыру болып табылады.
Баяндамалармен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қосмуратов Ерлан Смадиярұлы және Астана қалалық Сотының судьясы Есымова Алма Есымқызы сөз сөйледі.
Баяндамашылардың сөз сөйлеуі аудиторияның қызығушылығын тудырды және алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізуге қатысты проблемалық және практикалық мәселелер қаралды.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024