Профессор Т.Е. Каудыровты құттықтау

2025 жылғы 24 қаңтарда ректордың м.а. К.К. Мусин, Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының директоры М.Н. Абилова және Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Е.О. Егембердиев Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі Академиясының атынан з.ғ.д., профессор Толеш Ерденович Каудыровты 70 жасқа толуымен құттықтап, оған арнаулы папка мен естелік сыйлық табыс етті.

Толеш Ерденович Қаудыров интеллектуалдық меншік және патенттік құқық саласындағы танымал ғалым, 2017-2019 жылдар аралығында Сот төрелігі академиясының ректоры болған және сот кадрларын даярлау ісіне елеулі үлес қосқан.

Сот төрелігі академиясының ұжымы мерейтой иесіне кәсіби салада жаңа биіктерге жетуді және жас заңгерлер үшін пайдалы жаңа еңбектерді жариялауды тілейді. 

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024