
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Толқын Серікқалиқызы Нұрышева «Сот билігінің заңнаманы қалыптастыру бойынша норма шығармашылық қызметі» тақырыбында дәріс оқыды. Оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тыңдаушы ретінде қатысты.
Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында мемлекеттік органдардың заң қызметтері үшін ұйымдастырылған норма шығармашылығының өзекті мәселелері бойынша оқыту семинарларының циклы аясында өтті.
Дәріс барысында сот билігінің норма шығармашылық функциясының негізгі аспектілері егжей-тегжейлі қарастырылды. Спикер аталған институттың құқықтық табиғатын ашып, оны Қазақстан Республикасында жүзеге асыру тетіктерін таныстырды.
ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының қолданыстағы құқық қайнар көзі ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, лектор норма шығармашылық функцияны әкімшілік-деликтік және іс жүргізу салаларында жүзеге асырудың ерекшеліктеріне тоқталды.
Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алып, пікірталас барысында өзара пікір алмасты.