Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы әкімшілік құқығын жаңғырту жолдары: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына ҚР Әділет вице-министрі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік сарапшылар және заңгер-ғалымдар қатысты.
Аталған іс-шарада Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры, з.ғ.к. Толқын Нұрышева «Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін әкімшілік рәсімдер шеңберіне ауыстыру: теориялық-құқықтық мәселелер» тақырыбында баяндама жасады. Спикер өз баяндамасында әкімшілік әділет саласын кеңейту және ӘҚБтК-ден әкімшілік жазалардың кейбір түрлерін (арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау, қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу) алып тастап, әкімшілік органдардың іс-әрекеттеріне/шешімдеріне шағымдану кезінде оларды ӘРПК-нің шеңберінде қарастыруға қатысты пікірімен бөлісті. Сондай-ақ аталып өткен заңнамалардың міндеттеріне, олар реттейтін қоғамдық қатынастардың мәніне және құқықтық табиғатына назар аудару қажеттігін атап өтті.