Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі төрағасының өкімімен Сот төрелігі академиясының даму тұжырымдамасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі төрағасының 2025 жылғы 11 ақпанды №6 өкімімен Сот төрелігі академиясының 2025-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама ЖСК қызметінде, сот жүйесінде, іс жүргізу және материалдық заңнамада жүргізіліп жатқан реформаларды, сондай-ақ сот практикасын жетілдіруді ескере отырып, білім беру мекемесін дамытудың бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады.
Академияның жаңа тұжырымдамасының мақсаты оның білім беру, ғылыми, кадрлық және материалдық-техникалық әлеуетін нығайту болып табылады, ол сот төрелігінің заманауи талаптары мен міндеттеріне сәйкес келетін жоғары білікті судья кадрларын тиімді даярлауға ықпал ететін болады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу келесі міндеттерді іске асырумен қамтамасыз етіледі:
— жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
— қосымша білім беру жүйесін дамыту;
— Академия қызметінің ғылыми құрамдас бөлігін жандандыру;
— Академияның кадр саясатында жаңа тәсілдерді іске асыру;
— Академияның материалдық-техникалық инфрақұрылымын жақсарту;
— Академияның оң имиджін нығайту.
Осылайша, тұжырымдама Академияның әрі қарайғы қызметін жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарлар мен шараларды тұжырымдау үшін негіз болады.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024