
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы сіздерді «Қазақстанда шетелдік сот және төрелік шешімдерін тану және тиімді орындау: сот орындаушылары мен судьялардың тәжірибесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жұмысына қатысуға шақырады.
Жаһандану жағдайында трансшекаралық өзара іс-қимылдың күшеюі азаматтық-құқықтық және коммерциялық даулардың туындауына әкелуде. Мемлекеттің даму деңгейі мен құқықтық жүйесінің тиімділігі тек сот және төрелік шешімдерді қабылдаудан ғана емес, олардың дұрыс әрі уақытылы орындалуынан да көрініс табады. Дөңгелек үстел жұмысы осы тақырып аясындағы теориялық және тәжірибелік мәселелерді талқылауға арналмақ.
Дөңгелек үстелдің басталуы – 2025 жылғы 6 қазан сағат 10:00-де (Астана уақыты бойынша). Шара аралас форматта өтеді: офлайн – Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 46, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы, 303-аудитория; онлайн — Zoom платформасы арқылы. Шараға қатысу үшін sta609@apvs.kz электронды поштасына қатысушы туралы ақпаратты (аты-жөні, лауазымы мен жұмыс орны, байланыс деректері, баяндамамен/баяндамасыз, онлайн/офлайн) «дөңгелек үстелге қатысуға өтінім» деген тақырыппен жіберу қажет. Тіркеуден өту міндетті. Онлайн қатысуға сілтеме тек тіркелген қатысушыларға жіберіледі.
Қосымша ақпарат үшін: тел.: +7 747 777 20 44 – Нұртан Азамат Ерланұлы (жетекші ғылыми қызметкер).
Сіздерді қатысушылар қатарынан көргенімізге қуаныштымыз!!