Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында құқықтық менталитет туралы монографияның тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры, философия ғылымдарының докторы Төлеуғали Қайыржанұлы Бурбаевтың «Құқықтық менталитет: әлеуметтік-философиялық талдау» тақырыбындағы монографиясының тұсаукесері өтті.

Автордың еңбегі қазіргі құқық философиясының негізгі мәселелерінің біріне арналған – әлеуметтік философия тұрғысынан құқықтық менталитетті түсіну және оның ұзақ мерзімді зерттеу қызметінің нәтижелерін қорытындылайды.

Монографияда құқықтық менталитет адамдардың құқықтық шындыққа қатынасы арқылы, сондай-ақ қоғамдық қатынастарды реттейтін қолданыстағы құқықтық нормалар мен заңдарды қабылдау және түсіндіру ерекшеліктері арқылы қалыптасатыны атап өтілген.

Құқықтық менталитетті зерттеудің өзектілігі құқық қолданумен де байланысты. Автордың пікірінше, нақты өмірде құқық қолдану жағдайы мен оның тиімділігі көбінесе құқықтық менталитеттің дамуына байланысты.

Төлеуғали Қайыржанұлы елдің жаңаруы адам мен қоғамның мінез-құлық бағдарларын айқындайтын Конституцияда қаланатын берік құқықтық іргетастан басталатынын атап өтті.

Монографияның тұсаукесері құқық философиясы саласындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығын және олардың құқықтық мәдениет пен құқықтық ойлауды қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Сот төрелігі академиясы ұсынылған алаң және тұсаукесерді өткізуге жәрдемдескені үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына алғысын білдіреді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024