2024 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі Академиясы «Адам құқықтары: заңнамалық реттеу және құқық қолдану практикасы» тақырыбында VI Еуразиялық форум өткізді.
Форум Германия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан ғалымдарының, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінің, судьялар мен тәжірибелі заңгерлердің қатысуымен онлайн форматта өткізілді.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Дәутұлы Әбішев алғы сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер құқықтық реттеу мен құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру үшін адам құқықтары проблемаларын талқылау қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Форум шеңберінде адам құқықтарын қамтамасыз етуді заңнамалық реттеу және осы саладағы құқық қолдану практикасы мәселелері анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Атап айтқанда, қатысушылар адам құқықтарын қорғау қажеттілігіне назар аударуды; сот арқылы әділ және ашық талқылау құқығын тиімді іске асыруын қамтамасыз етуді ұсынды; сондай-ақ, цифрлық технологиялар даму жағдайларында адамның цифрлық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары мен тетіктерін әзірлеу қажеттілігіне назар аударылды.
Қатысушылар мен қонақтар Сот төрелігі академиясы тарапынан форумның жоғары ұйымдастырылуын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Форум қорытындысы бойынша Сот төрелігі академиясының сайтында электронды жинақ жариялау жоспарлануда. Барлық ниет білдірушілер ұсынылған баяндамалардың мазмұнымен танысуға мүмкіндік алады.
Баяндамашылардың сөз сөйлеуі форумды сәтті өткізуге маңызды үлес болып табылады. Әр сөйлеушінің жоғары кәсібилігі, тақырыптарды терең түсіну, сондай-ақ аудиторияға маңызды ақпаратты жеткізе білуі форумға қатысушылар арасында оң пікірлерге ие болды.
Форум аясында айтылған идеялар мен ұсыныстар адам құқықтары тақырыбының дамуына айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз.