Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы магистранттарын оқу жылының басталуымен құттықтайды

2025 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында жаңа оқу жылы басталды.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының 2025 жылғы 11 ақпандағы № 6 өкімімен бекітілген академияны дамытудың 2025 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, осы жылдан бастап академияда білім алушылар бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура бағдарламасын меңгере алады.

Академия білім алушыларды оқу жылының басталуымен құттықтайды, оқуда және ғылыми қызметте табыс, өз қабілеттеріне сенімділік, кәсіби қалыптасу жолында табандылық пен шабыт тілейді. Академияда білім алу Қазақстан Республикасының сот жүйесін дамытудағы болашақ үлес үшін берік негіз болсын.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024