Қабылдау телефон нөмірі
2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Судьялар одағының
төрағасы Абдолла Сәкен Жүсіпахметұлы сот жүйесін дамытуға белсенді
қатысқаны, мінсіз беделі, судьялар қауымдастығы алдындағы айырықша
еңбегі үшін Баймолдина Зауреш Хамитқызына «Үш би» жоғары дәрежелі
құрметті төсбелгісін берді.
Сол күні Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы
Сот төрелігі академиясы ректорының міндетін атқарушы Қанат Қалқаманұлы
Мусин Зәуреш Хамитқызына «Академияның құрметті профессоры» атағын
беру туралы диплом табыс етті. Бұл атақты Академияның Ғылыми кеңесі
Академияның ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің білім беру, ғылыми,
қоғамдық және халықаралық қызмет саласындағы ерекше еңбегін тану
мақсатында береді.
Заң ғылымдарының кандидаты, профессор Баймолдина Зәуреш
Хамитқызы 2019-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры қызметін
атқарды. Академияны басқару кезінде Зәуреш Хамитқызы судьялар корпусын
жаңа кадрлармен толықтыруда да, қазіргі судьялардың біліктілігін арттыруда
да соттық білім берудің отандық моделін дамытуға елеулі үлес қосты.