Қабылдау телефон нөмірі
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы 8D042 – «Құқық» бағыты бойынша докторантураға, «Сот және сот төрелігі» бағдарламасы шеңберінде бейінді және ғылыми-педагогикалық докторантураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алды.
Бұл лицензияны алу Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховпен бекіткен Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды институционалдық қадам болып табылады. Бұл жетістік сот жүйесінің қазіргі заманғы сын-қатерлеріне сәйкес келетін құқық саласында жоғары білікті ғылыми және практикалық кадрларды даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Оқуға құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы ақпарат қосымша орналастырылатын болады.