Қылмыстық әділет органдарында адамның, азаматтың және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау мәселелері бойынша тақырыптық диалог

2025 жылғы 18 қарашада Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі Академиясының қылмыстық-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығымен «әділет органдарында адамның, азаматтың және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау» тақырыбында «Ашық алаң» диалог алаңын ұйымдастырды  (модератор –  ҚҚП ҒБО директоры, з.ғ.к.  Б.Р. Сембекова).

Тақырыптық диалогқа заң қызметінің барлық салаларындың өкілдері: ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Мадениет Жакановна Омарбекова, профессор Арстан Нокешевич Ахпанов, ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Нурсултанович Абенов, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері –  Салтанат Серикжановна Жунуспекова мен Жанат Ануаровна Оспанова, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Салимжан Альмуратович Мусин, ҚҚП ҒБО профессорлары Ардак Алимхановна Биебаева және Дания Ганиевна Кисикова белсенді қатысты.

Диалог алаңының жұмысына ҚР және РФ жоғары оқу орындарының өкілдері: ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының аға ғылыми қызметкері – Гульмира Галымовна Нубанова, Esil University «Құқық» кафедрасының меңгерушісі – Аскар  Кадырович Калиев, РФ еңбек сіңірген заңгері, Тюмень мемлекеттік университетінің Заң факультетінің доценті – Виктор Иванович Морозов, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының магистранттары де қатысты.

Сот төрелігі академия ректорының м.а. Канат Калкаманович Мусин құттықтау сөз сөйледі.

 «Ашық алаң» заңгерлерінің тақырыптық диалогының жұмысы сот жүйесі саласындағы құқық қолдану қызметінің проблемалық мәселелерін ашып, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының нормаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлей отырып, жоғары деңгейде өтті.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024