Қылмыстық істерді қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының біліктілігін арттыру курсы

Сот төрелігі академиясында 2025 жылғы 3-14 ақпан аралығында қылмыстық істерді қарайтын судьялардың біліктілігін арттыру курсы өткізілді.
Сабақ барысында қылмыстық сот ісін жүргізудегі кейбір мәселелер, оның ішінде сот актілерінің күшін жою және өзгерту себептері мен негіздері, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру мәселелері, жаза тағайындау кезіндегі судьяның қалауы, сондай-ақ сот қызметіндегі сыни ойлау мен дәлелдеу мәселелері қаралды.
Курс ауызша емтихан тапсырумен аяқталып, оның нәтижелері бойынша барлық тыңдаушыларға курстан өткені туралы сертификаттар берілді.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024