Сот төрелігі Академиясы магистранттарының кәсіби практикасының барысы туралы

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары академиялық күнтізбеге сәйкес 2024 жылғы 04 қарашадан 2025 жылғы 03 қаңтарға дейін Астана қаласының соттарында кәсіби практикадан өтеді.

Білім алушылар практикасы оқу процесінде алған теориялық білімдерді іс жүзінде бекіту, кеңейту және тереңдету, теориялық білімдер мен құқықтық нормаларды кәсіби қызмет барысында қолдану дағдыларын қалыптастыру, болашақ кәсіби қызметінде  қажетті дағдылар, құзыреттер мен тәжірибені тиімді қолдану мақсатында жүзеге асырылады.

Бақылау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында академиядан және практика базасынан магистранттарға жетекшілер тағайындалды. Академиядан тағайындалған жетекшілер магистранттармен бірлесіп магистрлік жобаны жазу үшін қажетті практикалық материалды жинау және талдау жұмыстарын жүргізеді.

Кәсіби практикадан өтудің тиімділігі мен ұйымдастырудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету үшін Сот төрелігі академиясының, Астана қаласы сотының және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің өзара іс-қимыл алгоритмі қолданылады.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024