Сот төрелігі академиясы магистратураға оқуға құжаттар қабылдауды жариялайды

⏺Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы «Сот және сот төрелігі» бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуға құжаттар қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

⏺Академия – еліміздің сот жүйесі үшін кадрларды арнайы даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны. Оқыту бір жылдық бейіндік магистратура аясында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, сондай-ақ (2022 жылдан бастап) ақылы негізде жүзеге асырылады.

⏺Жыл сайын мемлекеттік грант есебінен 60 адам тегін оқиды.Биыл алғаш рет мемлекеттік грант есебінен оқуға құжаттарды тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, белгіленген талаптарға сай келетін барлық азаматтар тапсыра алады.

⏺Заманауи білім беру саясаты мен оқытудың тиімді технологияларына негізделген Сот төрелігі академиясының даярлау жүйесі жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: түлектердің 95%-дан астамы біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, судья лауазымына тағайындалады.

👥Магистратураға оқуға түсуші тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:

1. құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте жиырма тоғыз жасқа толуы;

2. жоғары заң білімі болуы;

3. құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

📄Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 1 маусымнан 29 шілдеге дейін жұмыс күндері жүзеге асырылады.

💳Магистратураға қабылдау «7М042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша бір жылдық оқу мерзімімен жүргізіледі.

🖥Қажетті құжаттардың тізімі Академияның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

✅Мамандық бойынша қабылдау емтихандары үш кезеңнен тұрады:

1. Кешенді тестілеу (ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының базасында өткізіледі);

2. Кейс (жағдаяттық тапсырма) шешу;

3. Эссе жазу.

 

❗️Анықтама үшін байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы

🌐Сайт: sta.edu.kz

☎️Байланыс телефондары:

Ұялы тел.: +7 771 6888517 (WhatsApp)

Жұмыс тел.: +7 7172 710847

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024