Сот төрелігі академиясы магистратураға қабылдау бойынша түсіндіру жұмысын жалғастыруда

Сот төрелігі академиясының қабылдау комиссиясы магистратураға түсуге үміткерлерді кәсіби бағдарлау және ақпараттандыру аясында кондидаттарды оқуға белсенді тартуды жалғастыруда. Академияда білім алу мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша да, ақылы негізде де жүзеге асырылады.

2025 жылғы 27 мамырда Академия өкілдерінің Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы заң бөлімінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Іс-шара барысында Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Б.Р. Сембекова және қосымша білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Д.А. Мергембаев магистратура бағдарламасына қабылдау ережелерін жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024