Сот төрелігі академиясы судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларын 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында іске асырады

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізеді.

Аталған курстар судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби және тұлғалық дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 11 курс өткізу жоспарланған, оның ішінде 8 курс жергілікті соттардың судьяларына, 3 курс сот жүйесі кадрларына арналған.

Оқытудың практикалық маңызын арттыру мақсатында дәріс беруге Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы және Кассациялық соттардың судьялары, сондай-ақ жоғары білікті халықаралық сарапшылар тартылады. Мұндай тәсіл заманауи оқыту әдістерін нақты сот тәжірибесімен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024