Сот төрелігі академиясы: жүйелі жаңғыру және жаңа даму көкжиектері

«24.KZ» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық-құқықтық пәндер бойынша ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Егембердиев Сот төрелігі  академиясының қызметіндегі жаңа бағыттар туралы әңгімеледі. Сұхбат барысында ол Академияны Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беру кадрлық, ғылыми және білім беру әлеуетін кешенді жаңғыртуға жаңа мүмкіндіктер ашқанын атап өтті.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.М. Малахов «Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітіп, жаңғыртудың стратегиялық басымдықтарын айқындады.

Негізгі жетістіктердің қатарында – докторантура мен ғылыми-педагогикалық магистратураның ашылуы, судьяларға арналған жеке білім беру бағдарламаларының енгізілуі, біліктілікті арттыру курстарының жаңартылуы, референт бағдарламасының табысты жүзеге асырылуы, ғылыми ұйым мәртебесінің алынуы, халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюі, криминалистикалық полигонның іске қосылуы және цифрлық платформалардың енгізілуі бар.

Е. Егембердиевтің айтуынша, барлық өзгерістер уақыт талабы мен қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға қабілетті заманауи әрі тұрақты судья және ғылыми кадрлар даярлау моделін қалыптастырып отырған Жоғары Сот Кеңесінің стратегиялық басшылығы мен қолдауының арқасында мүмкін болды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024