Қабылдау телефон нөмірі
Сот төрелігі академиясында 2025 жылдың 17 ақпан мен 28 ақпан аралығында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар судьяларының біліктілігін арттыру курстары өтті.
Курс тыңдаушыларының назарына қолданыстағы заңнаманың өзекті мәселелері ұсынылды. Курс оқытушылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, жергілікті соттардың судьялары, отставкадағы судьялар, «Астана» ХҚО Сотының судьялары, Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, отандық ғалымдар мен сарапшылар болды.
ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, з.ғ.к. Мырзаке Ғалымжан Жарылқасынұлы «Кассациялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері» тақырыбында дәріс оқыды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы, з.ғ.к. Мамырбаев Рахымбек Нұрмұхаметұлының дәрісінде тыңдаушылар салық заңнамасын бұзуға байланысты дауларды шешу ерекшеліктерін талқылауға мүмкіндік алды.
Курс бағдарламасына сот төрелігінің моральдық негізі ретіндегі судья этикасы мәселелерін қарастыру, сот қызметіндегі сыни тұрғыдан ойлау мен дәлелдеу, азаматтық сот ісін жүргізуде бітімгершілік рәсімдерді қолдану қарастырылды.
Курс ауызша емтиханмен аяқталды, оның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.