Сот төрелігі академиясында алимент өндіріп алу мәселелері бойынша тақырыптық диалог өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында «Ашық алаң» форматында заңгерлердің тақырыптық диалогы өтті. Шараның тақырыбы – «Алименттерді өндіру бойынша өзекті мәселелер». Іс-шараны азаматтық-құқықтық пәндер бойынша ғылыми-білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Ержан Ошақбайұлы Егембердиев модератор ретінде жүргізді.
Аталған диалог Сот төрелігі академиясының магистранттарының қатысуымен өткізілді «Соттардың неке-отбасы қатынастарынан туындайтын істерді қарау ерекшеліктері» пәні аясында азаматтық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының доценті, PhD докторы Асылбекова Айгүл Ахметқызының жетекшілігімен ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – магистранттардың құқықтық дүниетанымын кеңейту, пән аясында өзекті құқықтық мәселелерді тәжірибемен ұштастыра отырып талдау, болашақ судьялардың ғылыми-талдамалық және кәсіби ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Диалог барысында алименттік міндеттемелердің құқықтағы реттелуі, соттардың алимент дауларын қараудағы тәжірибесі, сот актілерін орындаудағы өзекті мәселелер, сондай-ақ кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы талқыланды.
Спикерлер қатарында Қазақстан және Ресей Федерациясының судьялары, прокурорлар, жеке сот орындаушылары мен ғылыми қауым өкілдері сөз сөйледі. Сонымен қатар Сот төрелігі академиясының магистранттары да аталған мәселе төңірегінде баяндамалар дайындап, өз ойларымен бөлісті.
Шара барысында отбасы мүшелерінің алименттік қатынастарынан туындайтын дауларды сотта қарау тәжірибесі, сот актілерінің орындалмауы үшін жауапкершілік, шетел азаматтарынан алимент өндіру ерекшеліктері, және алимент төлеуден жалтару мәселелері жан-жақты талқыланды. Тақырыптық диалог қорытындысы бойынша қатысушылар алимент қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру және сот және атқарушы органдардың өзара іс-қимылын нығайту жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024