Сот төрелігі академиясында көрнекті ғалым және қоғам қайраткері Есберген Алаухановпен кездесу өтті

2025 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында белгілі ғалым-заңгер, қоғам қайраткері және жазушы Есберген Оразұлы Алаухановпен кездесу өтті.

Іс-шараға Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылыми қызметкерлері және үйлестірушілері қатысты. Кездесудің басында Академияның вице-ректоры Канат Мусин қонақты таныстырып, қатысушыларды Есберген Оразұлының бай кәсіби және шығармашылық өмірбаянымен таныстырды. Е.А. Алауханов – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі.

Өз сөзінде профессор Есберген Оразұлы құқық қорғау, сот және ғылыми салалардағы көпжылдық тәжірибесімен бөлісті. Ол криминологияның өзекті мәселелерін, құқықтық ағартудың маңызын, заң ғылымының қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытудағы рөлін ерекше атап көрсетті.

Кездесу аясында ғалым Академия кітапханасына өз авторлық еңбектерін – монографиялар мен оқулықтарын сыйға тартты. Олардың қатарында шетелде жарық көрген еңбектері де бар. Сыйға тартылған кітаптар арасында криминология, құқықтық реттеу және ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған іргелі еңбектер бар.

Шақырту үшін алғысын білдірген Есберген Алауханов Академия мен ғылыми қауымдастық, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ол Академияның ғылыми және білім беру жобаларына сарапшы, дәріскер және ғылыми жетекші ретінде қатысуға дайын екенін жеткізді.

Мұндай кездесулер ғылыми-құқықтық диалогты нығайтуға, құқықтық мәдениетті дамытуға және Қазақстан Республикасындағы заң білімінің сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024