Сот төрелігі академиясында мамандандырылған тергеу соттары судьяларының біліктілікті арттыру онлайн-курсы аяқталды

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында еліміздің барлық өңірлерінен келген мамандандырылған тергеу соттарының судьяларына арналған екі апталық біліктілікті арттыру онлайн-курстары аяқталды.

Сабақтарды Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Соттың судьялары, облыстық соттардың судьялары, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ халықаралық және ұлттық ұйымдардың сарапшылары өткізді.

Оқыту бағдарламасы бұлтартпау шараларын санкциялау және оларды ұзарту тәртібі, тергеу іс-әрекеттерін шешу, тергеу судьясының айғақтарын депозитке салу мәселелеріне, сондай-ақ анықтау, тергеу және прокуратура органдарының іс-әрекеттеріне сотқа шағымдану ерекшеліктеріне арналды.

Тергеу судьяларын даярлау бағдарламасына алғаш рет жаңа тақырыптық блоктар енгізілді: цифрлық активтер мен криптовалюта айналымына байланысты істерді тергеу кезіндегі блокчейн-аналитика негіздері, сот ісін жүргізуде және сот-медициналық зерттеулерді тағайындауда жасанды интеллектті қолдану.

Сонымен қатар, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д.М. Малаховтың тапсырмасы бойынша бағдарламаға судьялардың кәсіби жауапкершілігін арттыруға және тергеу судьяларының жұмысындағы көзқарастардың біркелкілігіне бағытталған «Сот жюриінің тәртіптік тәжірибесі» теориялық модуль енгізілген.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024