





2025 жылғы 1 қарашада Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының доценті, PhD, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы С.М. Шамшинурованың «Әкімшілік заңнаманы қолдану практикасы» пәнінен «Әкімшілік сот ісін жүргізу: мәселелері және болашағы» тақырыбындағы ашық сабағы өтті.
Сабақ интерактивті форматта жүргізілді. Автокөлік құралын тіркеу жөніндегі әкімшілік полицияның іс-әрекеттерін заңсыз деп тану, көлік салығын төлеу туралы хабарламаларды заңсыз деп тану және жеке сот орындаушысының қаулысының күшін жою туралы талап қою бойынша имитацияланған сот талқылауы өткізілді. Барлық магистранттар процестік рөлдерін нақты бөле отырып, оқу сот процесіне қатысты. Сабақ барысында оқу мақсаттарына бейімделген шынайы әкімшілік іс материалдары пайдаланылды. Сот процесі барысында қабылдаған ұйғарымдар экранға шығарылды.
С.М. Шамшинурова имитацияланған сот процесінің соңында сабаққа талдау жүргізді. Магистранттардың жіберген қателіктеріне назар аударып қана қоймай, соттың белсенді рөлі мен құқықтардың басымдығы қағидаттарын қолданудың сәтті көрсетілуін атап өтті.
Ашық сабақты Академияның Сараптамалық комиссиясы жоғары бағалады.