Сот төрелігі академиясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы аталып өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында еліміздің егемендігі мен демократия және тұрақты дамуының берік негізіне айналған Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Сот төрелігі академиясының ұжымына құттықтау сөзін Академия ректорының м.а. Қ.Қ. Мусин арнап, Конституцияның құқық үстемдігін бекітуде және мемлекеттік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі негізгі рөлін атап өтті.

Іс-шара аясында «Қазақстан Республикасы Конституциясының эволюциясы аясындағы саяси жүйенің өзгеруі» тақырыбында профессор, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В.А. Жексембекова баяндама жасады. Ол өз сөзінде мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы конституциялық дамудың негізгі кезеңдерін, олардың әрқайсысы мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын көрсетіп, уақыт талабына сай болғанын атап өтті.

Құттықтау және мазмұнды баяндамаларымен Академияның жетекші ғалымдары да сөз сөйледі: философия ғылымдарының докторы, Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ҒББО профессоры Т.К. Бурбаев; заң ғылымдарының докторы, Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ҒББО профессоры, ҚР Конституциялық Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі Л.С. Жакаева; заң ғылымдарының кандидаты, Қылмыстық-құқықтық пәндердің ҒББО профессоры А.А. Биебаева; заң ғылымдарының кандидаты, Азаматтық-құқықтық пәндердің ҒББО профессоры Р.Р. Султанов; заң ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ҒББО директоры Т.С. Нурышева.

Салтанатты іс-шара Конституцияның тәуелсіз, демократиялық мемлекет құрудың және заманауи құқықтық жүйені қалыптастырудың, сондай-ақ Қазақстандық мемлекеттік құрылыстың институционалдық негіздерін нығайтудың кепілі ретіндегі рөлін пайымдауға арналған маңызды алаңға айналды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024