
Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында референдиаттың «Әкімшілік-деликтік құқық және процесс, әкімшілік рәсімдік-процестік құқық нормаларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбындағы онлайн-курсының үшінші кезеңі аяқталды.
Оқыту құқықтың негізгі салалары – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік (әкімшілік-құқық бұзушылық және әкімшілік рәсімдік-процестік) құқықты қамтитын бағдарламаның соңғы кезеңі болды.
Референдиат курстары үміткерлерді судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтиханына дайындауға бағытталған.
Оқытуға еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген 80 шақты қатысушы – адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, заң кеңесшілері, сондай-ақ полиция, прокуратура, сот жүйесі мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушыларға оқытуды сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табыс етілді.
Референдиат бағдарламасын іске асыру Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өтеді және сот жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.