Сот төрелігі академиясының докторантураға қабылдау ережелері туралы онлайн кездесу

2025 жылғы 11 қыркүйек күні Сот төрелігі академиясы  ректорының міндетін атқарушы Мусин Қ.Қ. және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Сембекова Б.Р. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде Академияның докторантурасына қабылдау ережелері туралы онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында барлық қызығушылық танытқан қатысушылар тікелей эфирде спикерлерге докторантурада оқу ережелері бойынша сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында докторанттарға қойылатын талаптар жан-жақты түсіндірілді. Докторантураға қабылдау «8D042 – Құқық» кадрлар даярлау бағыты бойынша келесі білім беру бағдарламалары   аясында жүргізіледі:

 «8D04201 – Сот және сот төрелігі»  (ғылыми-педагогикалық докторантура)»

«8D04202 – Сот және сот төрелігі»   (профильдік докторантура)»

 Докторантурада оқу мерзімі – 3 жыл.

  Эфир жазбасын мына сілтеме арқылы тыңдауға болады:

https://www.instagram.com/reel/DOdkml1ik6J/?igsh=cWVucGtoYTdhc292

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024