«СОТ ТӨРЕЛІГІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ХАБАРШЫСЫ» ҚР БҒМ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ЖУРНАЛДАР ТІЗІМІ ТІЗБЕСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

2025 жылғы 14 шілде – Сот төрелігі академиясы үшін маңызды күн болды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (ҒЖБСҚК ҒЖБМ РК) №1187 бұйрығымен «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілді.

Журналдың осы тізімге енуі оның белгіленген ғылыми және академиялық талаптарға сай келетіндігін растайды, сондай-ақ құқық және сот тәжірибесі саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялау үшін беделді алаң ретінде маңыздылығын көрсетеді.

Бұл жетістік Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің тікелей қолдауымен және Сот төрелігі академиясының дамуы жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру аясында редакция ұжымының табанды еңбегінің нәтижесінде мүмкін болды. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д.М. Малаховтың бастамасымен бекітілген.

«Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы заң ғылымының дамуына мүдделі барша зерттеушілерді журналдың ресми сайтына шақырады: https://vestnik.sta-jsk.kz/index.php/jsk. Бұл алаң – жарияланымдар, идеялар алмасу және ғылыми сұхбат арқылы құқықтық ой мен сот тәжірибесінің Қазақстанда және одан тыс жерлерде дамуына серпін беретін кеңістік.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024