




Сот төрелігі академиясының магистранттары «Соттардың неке-отбасы қатынастарынан туындайтын істерді қарау ерекшеліктері» сабағы аясында жетекшілігімен PhD докторы, Азаматтық-құқықтық пәндерінен ғылыми-білім беру орталығының доценті Асылбекова Айгуль Ахметовнаның жетекшілігімен Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болып, ювеналды әділет жүйесінің ерекшеліктерімен танысты.
Басты мақсат болашақ судья кадрларын даярлау бағдарламасы аясында, магистранттарды кәмелетке толмағандар мен отбасылық даулар бойынша іс жүргізудің практикалық ерекшеліктерімен таныстыру болды.
Кездесу барысында соттың төрайымы Зинашева Лейла Сатыгалиевна магистранттарды ювеналды сот төрелігінің ерекшеліктерімен, оның іс жүргізудегі гуманистік қағидаттарымен және бала мүддесін қорғаудағы маңызды рөлімен таныстырды.
Сот төрелігі академиясының түлегі болып табылатын БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші судья Умербаева Айгерим Болатовнамен пікір алмасу барысында сот процесіне білікті психологтардың қатысу тәртібі, сондай-ақ сот медиациясы мен татуласу рәсімдерінің ерекшеліктері талқыланды.
Іс-шара аясында магистранттар некені бұзу және баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы істер бойынша сот отырысына қатысты. Ол аяқталғаннан кейін төрайым етуші судья Жуматова Айсулу Умирсериковна отбасылық дауларға бойынша сот ісін жүргізудің ерекшеліктері туралы айтып берді.