Сот төрелігі академиясының магистранттары Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сапары

Сот төрелігі академиясының ғылыми-педагогикалық бағытының магистранттары А.Е. Бадамбай мен Е. А. Шарафутдинова заң ғылымдарының кандидаты, азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының доценті Т.Б. Досаевтың жетекшілігімен Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына барды.

Сот төрағасы Л.С. Зинашевамен кездесу барысында алимент міндеттемелері бойынша сот шешімдерін, соның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидентерінің қатысуымен істерді орындау, медиация рәсімдерін қолдану және ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024