




Сот төрелігі академиясының магистранттары топ жетекшісі, PhD доктор, академияның ғылыми-білім беру орталығының доценті Асылбекова Айгуль Ахметовнамен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды.
Шара барысында музей қызметкерлері магистранттарды Ұлттық музейдің негізгі экспозицияларымен, тарихи жәдігерлермен, соның ішінде «Алтын Адам» залымен, тәуелсіздік тарихы және қазіргі өнер галереяларымен таныстырды.
Арнайы танымдық сапар барысында магистранттар сот төрелігі институтының дамуындағы тарих пен мәдениеттің маңыздылығы туралы пікір алмасты. Бұл сапар болашақ судьяларға тарихты құрметтеу мен заңдылықты сақтау арасындағы тығыз байланысты терең түсінуге мүмкіндік беретін рухани-танымдық көпірге айналды.