25 қазанда «Атамекен» телеарнасында Қазақстан Республикасы Күніне арналған «Сұхбат» бағдарламасының арнайы шығарылымы шықты. Сұхбатқа Академияның азаматтық-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Ошақбайұлы Егембердиев және профессор Руслан Рамазанұлы Султанов қатысты.
Сұхбат барысында спикерлер Республика күнінің маңызы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы және құқықтық мемлекеттің ұлттық бірегейлік пен азаматтық бірлікті нығайтудағы рөлі жөнінде пікір алмасты. Республика күнін атап өту – қазіргі қазақстандық қоғамның негізін құрайтын егемендік, демократия және заңның үстемдігі сияқты құндылықтарды еске салатын маңызды мереке болып табылады.
Сұхбаттың толық нұсқасы мына сілтемеде қолжетімді: https://youtu.be/BIH9tSTukiU