Республики Казахстан
Қабылдау телефон нөмірі
2024 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Конституциялық соты Халықаралық көші-қон ұйымының, БҰҰ-ның Қазақстандағы көші-қон агенттігінің және Норвегия Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ғылыми-консультативтік кеңестің төртінші отырысын өткізді. Оның жұмысына з.ғ.д., Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының профессоры Л.С. Жакаева қатысты. Л.С. Жакаева өз баяндамасында Конституциялық сотқа жүгінудің субъектілері ретінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесіне байланысты мәселені қарастырып өтті. Баяндама бірқатар елдердің халықаралық тәжірибесін талдауға негізделген.